испания
Президент • 30 Қаңтар, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев испан халқына бақ-береке тіледі
Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Қаңтар, 2026
Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды
Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің қолдауымен Барселона қаласынан лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану және қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 20 Қаңтар, 2026
Шымбұлақ пен Медеуге шетелдіктер тәнті болды: Алматы Viajar журналының тізімінде
Испанияның Viajar туристік журналы Алматыны тау бөктерінде орналасқан және қала орталығынан тау шаңғысы трассаларына жылдам жетуге болатын әлемдегі бес қаланың қатарына енгізді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Қаңтар, 2026
Испанияда екі пойыз рельстен шығып кетті: 21 адам қаза тапты
Испанияда жоғары жылдамдықты екі пойыз рельстен шығып кетіп, 21 адам қайтыс болды, 100 шақты жолаушы жарақат алды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
«Барселона» Испания суперкубогінің иегері атанды
Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен кездесуде Каталонияның клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2025
Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипе мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Испан халқы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
Әлем • 27 Тамыз, 2025
Испанияда орман өртіне қатысы бар 48 адам ұсталды
Испанияда орын алған жойқын орман өрттеріне адамдардың әдейі қатысы болуы мүмкін деген болжам жасалды. Бірқатар өрт оқиғалары қасақана ұйымдастырылғаны белгілі болды. Тамыз айында полиция 48 адамды өрт қоюға күдікті ретінде қамауға алып, тағы 134 іске байланысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Тамыз, 2025
Испанияда орман өрті салдарынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Испанияның солтүстік және батыс өңірлерінде ірі орман өрттері өршіп тұр. Салдарынан бірқатар аймақта теміржол және автокөлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Шілде, 2025
Димаш дарынымен Испанияны тәнті етті
Халық әртісі Димаш Құдайберген жақында Испания жұртшылығын өнерімен тәнті етті. Оның ерекше дауысын испан бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазып, жылы пікірлерін аямады. Солардың ішінде елге белгілі «La Voz de Galicia» басылымы отандасымыздың өнеріне арнайы материал арнады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Мамыр, 2025
Коррида – Испанияның ежелден келе жатқан дәстүрлі спорты. Онда адам мен бұқа арасындағы текетірес тек спорттық бәсеке емес, ұлттық мәдениеттің көрінісі ретінде ұсынылады. Бұл көріністе көпшіліктің көз алдына ең бірінші елестейтіні – матадор қолындағы қызыл мата, яғни мулета. Бір қызығы, көпшілік «бұқа қызыл түсті көргенде ашуланып, соған қарай ұмтылады», деп ойлайды. Бірақ ғылым бұл түсінікті жоққа шығарады.
Әлем • 20 Мамыр, 2025
Туристке 114 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін
Испанияда турист ұлттық парктің қорғалған аумағында үлкен тасты әдейі сайға домалатып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл әрекеті үшін ол рекордтық көлемдегі — 168 мың фунт стерлингке дейін (шамамен 114 миллион теңге) айыппұл төлеуі мүмкін. Egemen.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлады.
Ғылым • 15 Мамыр, 2025
Қазақстандық студенттер мұнай-химия саласына кадр даярлау бағдарламасы аясында Испанияда оқиды
15 сәуір - ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен жетекші халықаралық инжинирингтік компания Tecnicas Reunidas (TR) және бірқатар серіктестердің қатысуымен инженерлік мамандықтар бойынша оқитын қазақстандық студенттерге арналған жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды.
Бокс • 27 Қаңтар, 2025
Қазақ боксшылары Испанияға аттанды
Бүгін бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшелері Испанияға жетті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Қазан, 2024
Президент Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 29 Қазан, 2024
Қазақстан мен Испания ынтымақтастық орнатады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның 1000-нан астам құрылыс компанияларын біріктіретін Испан өнеркәсіптік инженерлер қауымдастығының өкілдерімен кездесті. Тараптар су инфрақұрылымын салу және кадр даярлауда ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король VI Фелипені Испанияның ұлттық күнімен құттықтап, Корольдікті іргесі берік, әлеуметтік-экономикалық әлеуеті мен халықаралық сахнадағы беделі жоғары мемлекет ретінде бағалады.
Спорт • 28 Тамыз, 2024
Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Испанияның Понтеведро қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын әйелдер құрамасы жасақталды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Шілде, 2024
Ламин Ямаль әлемдегі ең қымбат футболшылар қатарына енді
Каталондық «Барселона» мен Испания құрамасының 17 жасар вингері Ламин Ямаль Transfermarkt нұсқасы бойынша бағасы қазір 100 миллион еуродан асатын ең жас футболшы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Шілде, 2024
Еуро-2024: Испания құрамасы жеңімпаз атанды
Футболдан биылғы Еуропа чемпионаты финалында Испания-Англия құрамалары кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Мамыр, 2024
Oceanman: Елдар Шекербек Испаниядағы чемпионатта алтын олжалады
Қазақстан спортшысы Елдар Шекербек Испаниядағы Балеар аралдары маңында Жерорта теңізінде өткен ашық суда жүзуден OCEANMAN 2024 SPAIN чемпионатының кезекті жарысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Сәуір, 2024
Қазақстан-Испания ынтымақтастығы инновациялық зерттеулерді ынталандыруға ықпал етеді
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан және Испания елшіліктерінің қолдауымен екі елдің Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан-Испания – Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық» халықаралық семинары өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2024
«Жерасты суларын барлау»: Қазақстан-Испания ынтымақтастығы артады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесіп, жерасты суларын барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бұл туралы тиісті министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 03 Ақпан, 2024
9 боксшымыз Испаниядағы турнирдің финалына шықты
Испанияның Ла Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2024 турнирінде еліміздің әйелдер құрамасынан 9 боксшы финалға жолдама алды, деп жазады Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Әлем • 17 Мамыр, 2023
Испанияда қуаңшылық зардабын тартқан шаруаларға бюджеттен 800 миллион еуро бөлінбек
Испанияда құрғақшылық белең алып, ауыл шаруашылығына орасан зиян келіп отыр. Биліктегілер су көлемін ұлғайтып, фермерлерге 800 миллион еуро бөлетін болды, деп хабарлайды Egemen.kz Еuronews-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2023
Алдағы Мәжіліс сайлауы Испания Сенатында талқыланды
Қазақстан елшісі Данат Мұсаев Испания Сенаты Сыртқы істер комитетінің төрағасы, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) Төрағасының орынбасары Антонио Гутьерреспен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 08 Желтоқсан, 2022
Испанияда екі пойыз соқтығысып қалды
Сәрсенбі күні Испанияның Барселона провинциясында екі пойыз соқтығысып, 150-ден астам жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 05 Желтоқсан, 2022
Испанияда автобустар жолаушыларды тегін тасиды
Испаниядағы қалааралық автобус бағыттары тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 30 Қараша, 2022
Димаштың Испаниядағы фан-клубы Әулиекөлдегі мектепке сыйлық жасады
Испаниядан келген Димаш Құдайбергеновтың фан-клубы Әулиекөл ауданындағы орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына сыйлық жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 28 Қараша, 2022
ӘЧ: Испания мен Германия тең ойнады
Катардың «Ел Байт» стадионында Испания мен Германия құрамалары арасындағы әлем чемпионатының «Е» тобындағы екінші тур кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 24 Қараша, 2022
Испания құрамасы Коста-Риканы ірі есеппен жеңді
Испания құрамасы Коста-Риканы тас-талқан етіп жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.