зағип
Аймақтар • 18 Қараша, 2025
Шымкентте зағип жандарға арналған алғашқы фестиваль өтті
Шымқалада «Арман Шыңы» атты республикалық инклюзивті шығармашылық фестиваль өтті. Өнер кеші көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың шығармашылық қабілетін кеңінен танытуға, қоғамда инклюзивті мәдениетті дамытуға және тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2025
Зағип жандардың ақпаратқа қолжетімділігі жеңілдейді
Палата депутаттары «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2024
Зағип жандардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктері кеңейеді
Мәжіліс зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялады. Құжатқа 2013 жылы 27 маусымда Марракеш қаласында қол қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 03 Желтоқсан, 2024
Алматы кітапханаларында зағип жандарға жағдай жасалды
Қала әкімдігіне қарасты кітапханаларда көру қабілеті нашар және зағип жандарға арналған арнайы «жұмыс станциялары» пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 18 Қараша, 2024
Зағип балаларға арналған тұңғыш қазақ тіліндегі кітаптың тұсаукесері өтті
Қонаев қаласының мәдениет үйінде Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Bilte Qory» қоғамдық қорының зағип балаларға арналған брайль қарпіндегі «Айналайын» әңгімелер мен өлеңдер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Аймақтар • 16 Қараша, 2023
Зағип жандарға арналған құрылғы жасап шығарылды
Абай облысына қарасты Аягөз ауданы мұғалімдері зағип жандардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін «Электрондық жетекші» деп аталатын құрылғы ойлап тапты, деп жазады Egemen.kz аталған облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зерде • 24 Қазан, 2023
24 қазан - Кітапханашылар күні. Осы орайда Ақтөбе облыстық зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың директоры Құралай Райымбаевамен тілдескен едік.
Қоғам • 17 Сәуір, 2023
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қоры толықты
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана қоры 8282 дана кітаппен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдәниет және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 17 Қазан, 2022
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен чемпионат өтті
Астанада Республика күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Showdown» үстел теннисінен І қалалық чемпионат өтті. Қалалық турнирде арнайы жаттығудан өткен 20-ға жуық қатысушы ойын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz елордалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Қазан, 2021
Зағип жандарға арналған кітапханалар қоры артады
Зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар қоры ұлғайтылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы мақсатын түсіндіру кезінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Шілде, 2021
Шымкентте зағип жандарға арналған мобильді қосымша енгізіледі
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада Ұлыбританияның Глазго университетінің докторанты Зейнуллин Маралбекпен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 03 Маусым, 2021
Зағип жандарға арналған ақылды аяқ киім шығарылады
Аяқ киім 3 метр алда тұрған кедергіні сезіп, иесіне ультрадыбыс арқылы ескерту жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz.