жұмысшы мамандықтар жылы
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Желтоқсан, 2025
Ерлан Қарин: 1300-ге жуық жұмысшы мемлекеттік марапат алды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің қатысуымен Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті. Сондай-ақ форумға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, «AMАNAT» партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Akorda.kz ресми сайтына сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 23 Желтоқсан, 2025
Жұмысшы мамандықтар жылының жабылу салтанаты өтті
Жамбыл облысында жұмысшы мамандықтар жылының жабылу салтанаты өтті. Іс-шараға өңір басшысы Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 16 Желтоқсан, 2025
Түркістанда жұмысшы мамандықтар мәртебесін арттыруға қатысты ұсыныстар айтылды
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде еңбек адамдарының мәртебесін көтеруге, олардың қоғамдағы рөлін арттыруға және жұмысшы мамандықтардың беделін нығайтуға бағытталған инновациялық ғылыми-технологиялық сессия және «Еңбек» фотокөрмесі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Қыркүйек, 2025
«Еңбек жолы - 2025» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Батыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылына орай дәстүрлі республикалық «Еңбек жолы - 2025» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталып, салтанатты түрде марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «JOLSHY» бірыңғай дерекқоры іске қосылды
Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы аясында автожол саласына арналған жаңа цифрлық платформа – «JOLSHY» жүйесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 14 Қыркүйек, 2025
Тарихи жеңіс: Қазақстан құрамасы EuroSkills Herning 2025 чемпионатында 7 «Үздік медальон» иеленді
Қазақстанның ұлттық құрамасы Данияда өткен IX Еуропалық кәсіби шеберлік чемпионаты — EuroSkills Herning 2025 жарысында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Тарихта алғаш рет қазақстандық студенттер бірден 7 «Үздік медальон» жеңіп алды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар қажет – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасына кәсіби даярлығы жоғары жұмысшылардың аса қажет екенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда елімізде түрлі саладағы мыңдаған бос жұмыс орны шетелдік жұмыс күші арқылы толып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Қыркүйек, 2025
Тігіншінің еңбегі – елдің өрнегі
Әр адамның өмірінде жүрек қалауымен табатын сүйікті ісі болады. Біреу үшін ол сырнайдың сазы болса, біреу сурет салуды ұнатады, енді біреулері қолөнермен айналысқанды жаны сүйеді. Ал бүгінгі кейіпкеріміз Нұргүл үшін ол – ине мен жіптің, матаның, өрнектің әлемі. Бала күнінен қуыршағына көйлек тігіп, қиялындағы үлгілерді қағазға түсіріп, оны матамен үйлестірген кішкентай қыздың арманы бүгінде үлкен өнерге айналды.
Қоғам • 18 Шілде, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының қызметкерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Маусым, 2025
Тазалық табалдырықтан басталады
Астана ғаламдық мөлшер мерзімінде алсақ аз уақытта елдің басты ордасы болуымен қатар жаһандық жиын, мәдени майдан ошағына айналды. Сондықтан Қазақстанның келбеттік көрсеткішінің таза әрі жайлы болуы – мүдделі меже. Бас шаһар бұл тұрғыда қанатын қомдап, қарқынын үдетіп келеді. Алғашқы оң нәтижелер тайға таңба басқандай айқындалып, елорда тазалығы әлемдік рейтингтер ретіне іліге бастады. Мәселен, бұған дейін «The Telegraph» басылымы әлемдегі экологиялық ең таза қалалардың тізімін тізбектегенде Астана озық отыздың қатарынан табылды. Мұндай биік белестер қарапайым қадамдар мен жұмысшы мамандардың маңдай терімен байланысып жатқаны сөзсіз.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2025
Павлодар облысында «Innovation» республикалық хакатоны өтті
Павлодар облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған «Innovation» республикалық хакатоны өз жұмысын бастады. Ауқымды цифрлық додада 17 өңірден келген жүзге жуық студент жаңа IT-өнімдерді жасап, кәсіби дағдыларын көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 12 Сәуір, 2025
Алматыда «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында WorldSkills Almaty-2025 кәсіби шеберлік бойынша X өңірлік чемпионаты өтіп жатыр.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 08 Сәуір, 2025
Ақмола жастары білімін сарапқа салып жатыр
Бүгін Ақмола облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында WorldSkills өңірлік чемпионаты басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 07 Сәуір, 2025
Студенттер антифриз зауытының жұмысымен танысты
Алматы облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының бастамасымен колледж студенттеріне арналған өндірістік экскурсия ұйымдастырылды. Онда колледж студенттері антифриз зауытының жұмысымен танысып, өндірістік тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Ақпан, 2025
«Адал азамат» жобасының жеңімпаздары марапатталды
Қарағандыда алғаш рет «Адал азамат» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Қарағанды облысының Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен өткізілген байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2025
Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада қандай іс-шаралар ұйымдастырылады
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бастаманы дәріптеу мақсатында елордада халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында бірқатар іс-шара жоспарланған. Бұл туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.