жымқыру
Заң мен Тәртіп • 23 Қаңтар, 2026
МӘМС қаржысын жымқырғандар сотталды
Астанада медициналық ұйым арқылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржысын заңсыз иемдену дерегі бойынша айыптау үкімі шықты. Қылмыстық іс топ болып, алдын ала сөз байласу арқылы, қызметтік жағдайды пайдаланып жасалған алаяқтық фактілеріне қатысты қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2025
Бұрынғы бас дәрігер аурухана қаржысына елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті медициналық газ жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу кезінде бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау және жымқыру әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Желтоқсан, 2025
Мектептің бас есепшісі 52 млн теңге жымқырған
Қызылорда облысына қарасты Байқоңыр қаласының прокуратурасы мемлекет бюджетін жымқыру фактісін анықтаған. Жемқорлық әрекеті білім беру ұйымдарының 2022-2024 жылдары аралығында бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде белгілі болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Желтоқсан, 2025
Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері 7,9 млрд теңге жымқырған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Qyran» тұрғын үй кешенінен ақша қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған құрылыс компаниясының қызметкерлерін тексеріп жатыр. Алаяқтық нәтижесінде азаматтар мен компанияға жалпы 7,9 млрд теңге шығын келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 07 Қазан, 2025
«Ауыл аманаты» арқылы бөлінген 13 млрд теңге мақсатсыз жұмсалған
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2 мыңға жуық қарыз алушы 13 млрд теңге несиесін ауыл шаруашылығын дамытуға қатысы жоқ мақсатқа жұмсаған. Мемлекет қаражатын сұлулық салондарын, сауналар мен мейрамханалар, дүкендер ашуға пайдаланған. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қыркүйек, 2025
Ірі көлемде қаржы жымқырған құрылыс компаниясының басшысы Ресейден экстрадицияланды
ҚР Бас прокуратурасы жолдаған сұрау салу нәтижесінде Ресей Федерациясы аумағында ұсталған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды. Ол бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 08 Қыркүйек, 2025
Мұнай-газ саласында миллиондаған қаржы жымқырғандар жазаланды
Өткен жылы Маңғыстау облысы прокуратурасы мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Қызылордада «DAMUBALA» арқылы ақша жымқырғандар сотталды
Қызылордада «Шығармашылық және спорт» үйірмелеріне жүргізілетін зерделеу жұмысы бойынша мониторинг тобының мүшесі мен сыбайласы сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 29 Шілде, 2025
Ерлі-зайыпты баласының еміне жиналған ақшаға 3 пәтер, 5 көлік сатып алған
Қаржы мониторинг агенттігі ұлының еміне қаражат жинау мақсатында кең көлемді жарнама жасап, ал жиналған ақшаны жеке пайдасына жаратқан Астана тұрғындарына қатысты тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Шілде, 2025
Өскемен әуежайының бұрынғы президенті қамауға алынды
«Өскемен әуежайы» АҚ бұрынғы президенті 5 жыл бойы аса ірі көлемде қаржыны жымқырған деген күдікке ілініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Шілде, 2025
Ақмола облысында мәдениет үйінің есепшісі ірі көлемде қаржы жымқырған
Жарқайың ауданы прокуратурасы «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша жымқырылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Жамбылда балабақша басшылығы ірі көлемде қаржы жымқырған
Жамбыл облысының Қордай ауданында мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Наурыз, 2025
Білім беру саласында 303 қылмыстық іс тіркелген
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Темір Қырықбаев білім беру саласындағы ашықтық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы мәселе көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Қызылордада 24 700 000 теңге жымқырған департамент маманы сотталды
Қызылорда облысы бойына экономикалық тергеп-тексеру департаменті бюджет қаражатын жымқырған қызметкердің жолын кесті. Департамент дерегінше халықты әлеуметтік қорғау саласында қызмет атқарған Д.Мұхтарқызының 2018-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденгені анықталды.
Оқиға • 21 Қаңтар, 2025
Түркістанда ірі қара мал сатып алуға бөлінген қаражат жымқырылған
ҚМА Түркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Ақтөбеде жол белгілеріне бөлінген 272 млн теңге жымқырылған
«Ақтөбе қаласының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ-і директорының бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 31 Желтоқсан, 2024
Компанияның қомақты қаржысын жымқырған күдікті Дубайда ұсталды
2022 жылы сыбайластарымен бірге алматылық ЖШС бірінен 947 миллион теңге жымқырып, өз компаниясының шотына аударған күдікті қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2024
Қонаққа келіп, қомақты қаржы жымқырған
Астана қалалық ПД Байқоңыр ауданы ПБ Криминалдық полиция қызметкерлері кінәліні анықтаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қараша, 2024
Шардарада білім бөлімінің лауазымды тұлғалары ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Жымқыру тәуекелдерін барынша азайту мақсатында барлық өңірлерде бірыңғай бухгалтерлік есеп жүйесі енгізілді. Бұл жоғары жалақы мен «жоқ жандарды» есептей отырып, алаяқтықты уақтылы тоқтатуға, жалған деректердің енгізілуіне тосқауыл қоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Қазан, 2024
Түркістан тұрғыны өзгенің ЭЦҚ кілтін пайдаланып, мемлекеттен қаржы жымқырған
Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржыны жымқыру схемасын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 25 Шілде, 2024
Шымкентте мектептің бас бухгалтері 64 миллионнан астам теңгені жымқырған
Шымкентте мектептің бас бухгалтері 64 миллионнан астам теңгені жымқырған. Қылмыстық іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 26 Маусым, 2024
Алматыдағы метро құрылысынан ақша жымқырғандар сотталды
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты шаһардағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 28 Мамыр, 2024
БҚО-да 3 жыл бойы ақша жымқырып келген әкімдік есепшісі сотталды
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасы Көктерек ауылдық округі әкімдігінде 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған есепшінің ісін әшкереледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2024
Шымкентте мектеп бухгалтері 48 млн теңге жымқырған
Шымкентте 48 млн теңге жымқырған №44 орта мектеп директорының орынбасары мен білім мекемесінің бухгалтері сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Сәуір, 2024
«Алаяқтық жасаған»: Ақтөбеде аудандық мәслихат депутаты сотталды
Мәслихат депутаты Ақтөбе облысында шаруа қожалығына бөлінген 457 миллион теңге субсидияны ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Ақпан, 2024
8 жыл жалғасқан қылмыс. Мектеп бухгалтері сотталды
Ақтөбе қаласында бірнеше жылдан бері жеке есепшотына заңсыз аударым жасап, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген бас бухгалтер сотталды, деп жазады Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
Екібастұз МАЭС-2-де 1 миллиард теңге жымқырылған – прокуратура
Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2024
«Туыстарына аударған». Мектеп есепшісі 90 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектептердің бірінде есепшінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, деп жазады Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Ақпан, 2024
«Пара алудың қылмыстық схемасын құрастырған». «Ертіс орманы» басшысы қамауға алынды
Павлодар облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ертіс орманы» басшысы пара алды деген күдікке ілінгененін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 01 Ақпан, 2024
Жалақыдан 530 млн теңге жымқырған. Жетісай ауданы білім бөлімі есепшілері тергеуге алынды
Түркістан облысының прокуратурасы «Жетісай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.