желдету жүйесі
Қоғам • 10 Тамыз, 2025
Құрылыс саласында желдету жүйесінің маңызы қандай?
Қазақстанда құрылыс саласы қарышты дамып келеді. Бұл сөзімізді сандық деректер де сенімді ете түседі. Ұлттық сататистика бюросының мәліметінше, еліміздегі жалпы ішкі өнім көлемінің 6 пайызын осы құрылыс саласы қамтып отыр. Саланың серпін алуы халық саны мен сұранысының өсуімен де байланысып жатыр. Себебі кейінгі жылдары тұрғын үй құрылысы қарқын алып, 2024 жылы 19,1 млн шаршы метр баспана пайдалануға беріліп, тәуелсіздік жылдарындағы рекордтық белесті бағындырған. Құрылыс саласының өзі он саусақтай тармақталып жатыр. Техник, инженер, жобалаушы, тас қалаушы, монтаждаушы, дәнекерлеуші, желдету жүйесінің мамандары, сантехник, әртүрлі жұмысты атқаратын адам деп толассыз тізімді жалғай беруге болады. Біз бүгін «ғимарат тынысын ашатын», желдету жүйесін жетік меңгерген майталман маман Алексей Никишин және оның ұлы Кирилл Алексиевич жұмысы туралы баяндаймыз, деп жазады Egemen.kz.