жаңа құрылғы
Ғылым • 13 Тамыз, 2025
Отандық ғалымдар су электр стансасын жасады
Еліміздің зерттеушілері құрастырған шағын су электр стансасы сынақтан өтті. Қондырғы жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран өндіретін кәсіпорынға орнатылды. Станса тот баспайтын болаттан жасалған және толықтай герметикалық, коррозияға төзімді қаптамамен қорғалған. Құрал ерітінді жүретін құбырға тікелей орнатылады да, ағын қозғалысынан электр энергиясын өндіреді, тіпті агрессивті ортада да жұмыс істей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.