жаңа салық режимі
Бизнес • 20 Қаңтар, 2026
Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Соған сәйкес арнаулы салық режимдерінің саны үшке дейін қысқартылды. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге қандай режимдер қарастырылғанын және қандай жағдайда 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдау туралы хабарлама беру қажет екенін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.