бюджет кірісі
Алматы • 28 Қазан, 2025
Алматы бюджетінің кірісі биыл 1,6 трлн теңгеге жетті
2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Алматының жергілікті бюджетінің кірісі 1,6 трлн теңгеге жетті. Қала әкімдігі бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артық екенін мәлімдеді. Болжам бойынша, жыл соңына дейін қала бюджетіне түсімдердің жалпы көлемі 2,3 трлн теңгеден асуы мүмкін, бұл мегаполис тарихындағы рекордтық көрсеткіш болуы ықтимал, деп жазады Egemen.kz.