алғашқы қадам
Қоғам • 08 Тамыз, 2025
АЭС құрылысының алғашқы қадамы басталды
Атом энергиясы жөніндегі агеттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бүгін Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасының құрылысына бағытталған инженерлік-іздестіру жұмыстары басталғанын жариялады. Үлкен ауылында өтіп жатқан іс-шараға агенттіктің шетелдік серіктестері, отандық ғалым-мамандар, Алматы қаласындағы MEPhI филиалының студенттері, болашақ атом саласы инженерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.