Яхия Әубәкіров
Ғылым • 17 Қазан, 2025
Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті ғалым-экономист, академик Яхия Әубәкіровтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақстанның ұлттық экономикасы: қазіргі кезеңдегі даму заңдылықтары» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, ЖОО ректорлары, отандық және шетелдік ғалымдар, компаниялар өкілдері мен жас зерттеушілер жиналды, деп жазады Egemen.kz.