ЮНЕСКО
Президент • 20 Қаңтар, 2026
Президент құнды жәдігерлерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту туралы бастамалар көтерілгенін және сәйкес жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанына тоқталды, деп жазады Egemen.kz
Мәдениет • 22 Желтоқсан, 2025
Ел мәдениетіндегі ерекше жаңалықтар: 2025 жыл біз үшін несімен құнды?
2025 жыл Қазақстанның мәдени дипломатиясы мен өнері үшін халықаралық деңгейдегі ірі жетістіктер жылына айналды. Бейжіңдегі зәулім мәдениет орталығының ашылуынан бастап, әлем астаналарындағы Абай ескерткіштері мен ЮНЕСКО деңгейіндегі мерейтойлар еліміздің рухани әлеуетін паш етті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі қорытынды есеп берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025
Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді
10 желтоқсан күні Нью-Делиде өткен ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық комитетінің 20-сессиясында қазақ, қырғыз және қарақалпақ халықтарының дәстүрлі киіз үйлері адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енгізілді. Сонымен қатар Өзбекстанның ұсынысы бойынша қобызды жасау және орындау өнері де осы тізімге енді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Қараша, 2025
ЮНЕСКО-ның жаңа бас директоры болып Халед әл-Анани тағайындалды
ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы ұйымның жаңа бас директоры ретінде Халед әл-Ананиді сайлады. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның сайтында хабарланды, деп жазды Egemen.kz.
Мәдениет • 06 Қараша, 2025
ЮНЕСКО: Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұсынған жобалар түркі әлемінің мәдени байлығын көрсетті
2025 жылғы 4 қарашада Өзбекстан Республикасының Самарқан қаласында өткен ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры ұйымдастырған іс-шарада алғаш рет түркі өркениетінің тереңдігі мен ұлылығын бейнелейтін бірегей жобалардың тұсаукесері өтті.
Мәдениет • 31 Қазан, 2025
Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас конференциясының сессиясы аясында бірқатар кездесу өткізді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-ші сессиясы аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Қазан, 2025
Президенттің жаңа бастамалары ЮНЕСКО-ның Бас конференциясында айтылды
Мемлекеттік кеңесшісі – Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы Ерлан Қарин Самарқандта (Өзбекстан) өтіп жатқан БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бас конференциясының (ЮНЕСКО) 43-ші сессиясында сөз сөйледі. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған Қазақстанды одан әрі жаңғыртудың жаңа қадамдары Е.Қарин баяндамасының негізгі өзегі болды, деп хабарлайды Egemen.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Мәдениет • 30 Қыркүйек, 2025
Мәдени мұраны сақтау жолындағы маңызды қадам
ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны сақтау жөніндегі 2003 жылғы Конвенциясын жүзеге асыруға арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Қыркүйек, 2025
Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға табыс етті
24 қыркүйекте Париж қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2025
Мемлекет басшысы музей ісі мен сәулет өнерінің маңызын атап өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев музейлер тарихымыз бен мәдениетіміздің асыл қазынасы екенін атап өтіп, мемлекет олардың дамуына ерекше мән беріп отырғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 22 Сәуір, 2025
ЮНЕСКО деңгейіндегі өнер байқауы басталды
Қазақстанның Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының Федерациясына төрағалық етуі аясындағы THE PLANET OF ART - 2025 атты Халықаралық жастар фестивалі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жәдігер • 18 Сәуір, 2025
«Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында еліміздің деректі мұраларын сақтау бағытындағы жұмысты жандандыруға қатысты нақты тапсырма берген болатын. Осы бастамаға орай «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Желтоқсан, 2024
Жас креатор ЮНЕСКО алаңында авторлық ертегілерін таныстырды
Қарағандылық 11 жасар Платон Нечаев Сауд Арабиясында өткен ЮНЕСКО халықаралық конференциясында авторлық ертегілерін таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2024
Қазақтың «Беташар» салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енді
Қазақ халқының «Беташар» салты Парагвай астанасында адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының ЮНЕСКО-ның репрезентативті тізіміне енгізілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 01 Желтоқсан, 2024
Денешынықтыру пәніне ұлттық ойындар енгізілуі мүмкін
Сенбі, 30 қараша күні Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау бойынша кешенді шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 30 Қараша, 2024
Алматыда Қазақстандағы ЮНЕСКО мәдени мұраларын қорғау бойынша перспективалық жоспарлар талқыланды
Абай атындағы ҚазҰПУ-да ЮНЕСКО қорғауындағы Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын қорғау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті.
Мереке • 16 Қараша, 2023
Қазақстанның бастамасымен дүниежүзі бірге тойлайтын жаңа мереке пайда болды
Енді 20 мамыр күні Дүниежүзілік метрология күні тойланады. Бұл қарарды Қазақстанның бастамасымен ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясының Жаратылыстану ғылымдары жөніндегі комиссиясы бірауыздан қабылдады, деп жазады Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Қараша, 2023
Бердібек Соқпақбаев пен Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді
2024 жылы халықаралық деңгейде жазушы Бердібек Соқпақбаевтың, 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Қазан, 2023
Қазақстан ЮНЕСКО клубтарының Дүниежүзілік федерациясын басқарады
Корея Республикасының астанасы Сеул қаласында өткен X Дүниежүзілік конгресс шеңберінде Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті Болат Ақшолақов Дүниежүзілік ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының президенті болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz unesco.org сайтына сілтеме жасап.
Руханият • 07 Маусым, 2023
Президент Яссауи кесенесіне барған ЮНЕСКО-ның Бас директорына алғыс айтты
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады. Кездесу барысында Президент Бас директорға Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барғаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Маусым, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 23 Мамыр, 2023
ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген нысандар саны артады
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енетін нысандар саны артатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Қазан, 2022
Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы Парижде атап өтіледі
4 қазанда Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде көрнекті қоғам қайраткері, лингвист және жазушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «дөңгелек үстел» өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2022
Роза Бағланованың мерейтойы Мәскеуде атап өтілді
Биыл есімі әлемге танылған әнші Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы атап өтіледі. Айтулы күн аясында ауқымды іс-шаралар мен концерттер өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қыркүйек, 2022
Әлемде 771 миллион ересек адам әріп танымайды - БҰҰ
ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле білім беру саласындағы жұмысты жандандыруға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz БҰҰ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Тамыз, 2022
Қызыл-Оба мавзолейі ЮНЕСКО тізіміне енуі мүмкін
Солтүстік Қазақстан облысында үш жылға шақталған археологиялық нысандарды музейлендіру және кешенді зерттеу жобасы бар. Оның аясында өңірдегі Қызыл-Оба мавзолейінде, Байқара ғибадат кешенінде және Ақ ирий қалашығында ауқымды қазба жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2022
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
ҚР Президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майормен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды «БОРТ №1» Telegram каналына сілтеме жасап.
Елбасы • 19 Сәуір, 2022
Елбасы балалардың көркемөнер мектебі – ЮНЕСКО клубының көрмесіне барды
Елбасы «Менің Қазақстаным – менің жерім» атты балалар шығармашылығы фестивалі аясында Тұңғыш Президент музейінде ұйымдастырылған картиналар мен қолөнер көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап
Өнер • 28 Ақпан, 2022
Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның даталар күнтізбесіне енгізілді
Әйгілі әншісі, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның даталар күнтізбесіне енгізілді. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ахмет Байтұрсынұлы • 02 Қаңтар, 2022
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы халықаралық деңгейде атап өтіледі
Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында халықаралық деңгейде атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.