Шегірткеге қарсы күрес шаралары
Үкімет • 13 Мамыр, 2025
Үкіметте шегірткеге қарсы күрес шаралары пысықталды
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткенің таралуына қарсы күресті күшейту қажеттігіне назар аударды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазіргі жағдай туралы баяндады. АШМ мәліметтері бойынша, шегірткелердің таралуы 2,1 млн гектар аумақты қамтиды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз, деп хабарлайды Egemen.kz.