ШЫҰ
Үкімет • 18 Қараша, 2025
Олжас Бектенов Мәскеуде ШЫҰ-ға мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеу қаласында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуіне, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше елдердің үкіметтері басшылары кеңесінің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 02 Қыркүйек, 2025
«Қазақстан – ШЫҰ-ның күн тәртібін айқындаушысы» – сарапшы
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты. Ауқымды жиынға жиырмадан астам елдің басшылары келіп, қауіпсіздік, экономика және климат мәселелері талқыланды. Осыған орай саяси сарапшы, доктор Роберт Кутлер The Times of Central Asia басылымына арнайы пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 02 Қыркүйек, 2025
Қытайдағы ШЫҰ саммитінде Тоқаевтың ұстанымы несімен ерекшеленді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзиньде өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысып, Ұйымның одан әрі дамуының басым бағыттары жөнінде өз пікірімен бөлісті. Мемлекет басшысы қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер мен қатерлерге қарсы іс-қимылға арналған төрт мамандандырылған ШЫҰ орталығын құруды, сондай-ақ ШЫҰ Даму банкін құру бастамасын қолдады. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев АХҚО жанынан перспективалы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша ШЫҰ офисін құруды ұсынып, Қазақстанда ШЫҰ Су проблемаларын зерттеу орталығын ашу идеясын ортаға салды. Қытайда өткен саммитте Қазақстан ұстанымы немен ерекшеленді және Тоқаевтың бастамаларының саяси мәні неде – бұл туралы ҚР Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері Руслан Изимов сұхбат берді.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев: Каспий теңізінің мүшкіл хәлі экологиялық апатқа ұласуы мүмкін
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөйлеген сөзінде климат мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Президент Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажет екенін айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөйлеген сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалаудың қажет екенін айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ даму банкін құру туралы бастаманы қолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Көпжақты ынтымақтастықты дамыту, өңірлік қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «ШЫҰ плюс» саммитінде сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Тяньцзиньдегі ШЫҰ саммитінде 20 құжатқа қол қойылды
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында 20 құжат қабылданды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымының Су мәселелерін зерттеу орталығын ашуды ұсынды
Мемлекет басшысы экология саласындағы ықпалдастықты маңызды міндет деп атады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Жасанды интеллектіні қарқынды дамытуда ШЫҰ әлемде көш бастай алады — Президент
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары технологиялар және цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне назар аударды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Президент «ТрансАлтай диалогы» бастамасына қолдау білдірді
Президент көлік-транзит саласындағы серіктестікті нығайтуды тағы бір басымдық ретінде атады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды сүйемелдейтін ШЫҰ Кеңсесін құруды ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық қаржы орталығы базасында перспективті инвестициялық жобаларды сүйемелдейтін ШЫҰ Кеңсесін құруды ұсынды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Қазақстан ШЫҰ-ның қауіпсіздік сын-қатерлерімен күрес жөнінде төрт орталық құру бастамасын қолдайды
Қазақстан Президенті ШЫҰ-ны дамытудың басым бағыттары жөніндегі көзқарасын жеткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 01 Қыркүйек, 2025
Президент: Қазақстан терроризм, сепаратизм және экстремизмге қарсы күш біріктіруге дайын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 31 Тамыз, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзинь қаласындағы Мэйцзян конференция орталығына келді
Президент ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 21 Шілде, 2025
Сенат депутаттары «Қытай – ШЫҰ» семинарына қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырали мен Марат Қожаев «Қытай – ШЫҰ» тақырыбындағы семинарға қатысты. Семинардың басты тақырыбы – «ШЫҰ аясында ортақ тағдыр қоғамдастығын қалыптастыру мақсатында заң шығарушы органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту» болды, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 09 Шілде, 2025
Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны 78 пайызға артқан
Қытайдың Циндао қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының бірлескен отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Шілде, 2025
Президент ШЫҰ-ның бас хатшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 05 Маусым, 2025
ШЫҰ кеңістігіндегі өзекті мәселелер сараланды
Қазақстан Қаржы министрі Мәди Такиев Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2025
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағалары Қытайда бас қосты
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттарының төрағалары Қытай Халық Республикасының Жоғарғы Халық Соты ұйымдастырған ХХ кеңеске қатысу үшін Ханчжоу қаласында бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Президентке ШЫҰ-ның қазіргі қызметі мен басым бағыттары жөнінде ақпарат берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 24 Желтоқсан, 2024
ШЫҰ саммиті: мақсаттар айқындалды, қол жеткізілген нәтижелер қомақты
Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлемдік экономика мен халықаралық қатынастардағы салмағы мен беделін ескере отырып, Астанада өткен құрылым саммиті дүние жүзіндегі сарапшылардың назарын аударды. Оның аясында атқарылған шаралардан аңғарғанымыз, кездесуден күткеніміздің негізінен ақталғанын көрсетеді.
Саясат • 16 Қазан, 2024
ШЫҰ елдері «Жаңа экономикалық диалогты» дамыту тұжырымдамасына қол қойды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Пәкістан Ислам Республикасының астанасында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер үкіметтерінің басшылары кеңесінің 23-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 19 Шілде, 2024
ШЫҰ-ның географиялық кеңістігі жылдан жылға кеңейіп келеді
Қазақстан бейбітшілік бесігі мен тұрақтылық төріне айналды. Еліміздің қауіпсіздікті көзінің қарашығындай қорғайтын ұстанымы көпке ұстын. Мемлекетіміз осы бағыттан таймай әлемдік аренадағы түйіткілдердің түйінін тарқатуға әркез мүдделі екенін байқатып келеді. Жаһандық сындарлы кезеңде Қазақстан 9 елдің мүддесі тоғысқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына төртінші рет төрағалық етті. 4 шілде күні Астанада өткен саяси салмақты саммитте ұйымға оныншы мемлекет болып Беларусь Республикасы ресми толыққанды мүше болды. «ШЫҰ плюс» форматында өткен жиын да жемісін береді деп сенеміз. Бас қалада 16 ел Президентінің басын қосқан саммиттің өзге де сарабдал тұсын саясаткер, Астана халықаралық университеті Жоғары заң мектебінің деканы Нұрбек Исабай сараптап берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Шілде, 2024
Түркия ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болуға ниетті
Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған НАТО мүше мемлекеттері басшыларының саммитінен кейінгі баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz TRT Haber арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан • 05 Шілде, 2024
Төрт қалада террористік қауіптің «сары» деңгейі алынды
Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті мен Қытай Халық Республикасы Төрағасының мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 05 Шілде, 2024
Астанада автобус бағыттары қалпына келтірілді
Бүгіннен бастап Астанада автобустар қозғалысының бекітілген үлгілері қалпына келтіріледі. Бұл туралы елорда тұрғындарына «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Шілде, 2024
Моңғолия Президенті Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 04 Шілде, 2024
Астанада «ШЫҰ плюс» саммиті аяқталды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Астана саммитін жабық деп жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.