Фариза Фазыл
Мектеп • 24 Шілде, 2025
Астаналық оқушының эссесі The New York Times басылымында жарияланды
Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Фариза Фазыл беделді халықаралық шығармашылық байқауда үздіктер қатарынан көрінді. Ол The New York Times басылымы ұйымдастырған Open Letter Contest байқауында әлем бойынша үздік он қатысушының қатарына еніп, оның жазған ашық хаты аталған америкалық басылым бетінде жариялануға мүмкіндік алды, деп жазады Egemen.kz.