Т.Шарманов
Көрме • 23 Қаңтар, 2026
Төрегелді Шармановтың есімі туған жерінде ұлықталды
Ұлытау облысы, Жезді кентіндегі М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі музейінде көрнекті ғалым, ұлт саулығы үшін аянбай еңбек еткен академик Төрегелді Шармановқа арналған «Ұлт саулығының ұлы жолында: Академик Т.Шармановқа тағзым» атты жылжымалы көрменің таныстырылымы өтті. Тағылымды көрмені Ұлытау аудандық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.