Түркістан өңірі
Экономика • 02 Желтоқсан, 2025
Толық циклді жоба: Түркістанда ірі мақта өсіру кешені құрылады
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС арасында Түркістан облысында шитті мақтаны өсіру және терең өңдеу бойынша инвестициялар туралы келісім жасауды мақұлдады. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 29 Наурыз, 2024
Сенаторлар өңір жұртшылығымен суды үнемдеу мәселелерін талқылады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Түркістан қаласында Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның бесінші отырысы өтті. Іс-шара барысында алтыншы Орнықты даму мақсатын іске асыру аясында су ресурстарын үнемді пайдалану және санитария мәселелеріне қатысты проблемалар талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.