Трамп сыйлығы
Президент • 23 Желтоқсан, 2025
АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелесті. Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.