Тамақтанудың жаңа стандарты
Білім • 20 Мамыр, 2025
Ел мектептерінде тамақтанудың жаңа стандарты енгізіледі
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова білім беру ұйымдарына арналған Тамақтанудың жаңа стандарты мен үлгілік перспективалық мәзірді таныстырды. Бұл құжаттар Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша әзірленген және 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.