Таза авиаотын
Үкімет • 10 Қараша, 2025
Жылына 54 мың тонна авиаотын өндіре аламыз ба?
Премьер-министр Олжас Бектенов америкалық LanzaJet компаниясының бас атқарушы директоры Джимми Самариц және коммерциялық қызмет жөніндегі вице-президенті Стефан Тионмен кездесу өткізді. Кездесу барысында индустриялық және технологиялық ынтымақтастық, сондай-ақ экологиялық таза авиаотын өндіру саласында қазақстандық локализация мүмкіндіктері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.