Сәдуақас Шорманов
Зерде • 07 Ақпан, 2025
Ақкелінде мектеп ашқан «Сәкен ағай»
Баянауылдағы Шормановтар әулеті заманында халықты оқу-білімге жетелеп, қазақ жастарының білім алуына жағдай жасағаны, Омбыда «Қаржас ауылын» құрғаны бүгінде ел арасында аңыз болып сақталып қалған. Атақты дуанбасы, аға сұлтан Мұса Шормановтың тұңғышы Сәдуақас Шормановты ел-жұрты айрықша сыйлап, «Сәкен ағай», «Ағай» деп атап кеткенін көнекөз қариялар әлі күнге айтады.