Су бұру арнасы
Үкімет • 27 Маусым, 2025
Қостанайдағы су бұру арнасына 1 млрд теңге бөлінді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстар салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында Қостанай облысының Қарасу ауданында су бұру арнасының құрылысына Үкімет резервінен 1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.