Спорт күні
Экология • 17 Тамыз, 2025
«Таза Қазақстан»: Астанада Спорт күнінде ауқымды экологиялық акция өтті
Елордада ауқымды «Таза Қазақстан» бастамасы аясында және Спорт күніне орай «Тәні саудың – жаны сау» атты экологиялық акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2025
Ұлттық спорт жаңаша дамып келеді
Ұлттық спорт – халықтың болмысын, мінезін және рухын айқын көрсететін айна. Қазақ күресі мен дәстүрлі садақ ату – ғасырлар қойнауынан жеткен асыл мұра, бүгінгі ұрпақтың мақтанышына айналған өнер. Уақыт өткен сайын бұл спорт түрлері тек ел ішінде ғана емес, әлемдік деңгейде де мойындалып келеді. Еліміздің мақтанышы атанған балуандар мен мергендер жетістіктері арқылы ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатады.
Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2025
Тоғызқұмалақ – ойын ғана емес, ұлттың рухани қазынасы – Мақсат Шотаев
Ұлттық ойындарымыздың ішінде тоғызқұмалақ бүгінде әлемнің 30-дан астам елінде кеңінен танымал. Бұл – халқымыздың сан ғасырлық мұрасы, ой мен зердені шыңдайтын зияткерлік мектеп. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері тоғызқұмалақтың дамуына жанашырлықпен атсалысып келе жатқан аға жаттықтырушы, осы саланың көрнекті өкілдерінің бірі Мақсат Шотаевпен Спорт күні қарсаңында сұхбаттасқан едік.
Спорт • 17 Тамыз, 2025
Спорт – дене қозғалысы ғана емес, рухты шыңдап, ой ширататын өмір салты. Бүгінде спорт сайыстан бөлек, мемлекеттің имиджін қалыптастырып, турист тартатын, ел әлеуетін әлемге паш ететін, азаматтарды салауатты өмір салтына үндейтін сала. Мұнда спортшы мен жанкүйер біртұтас адамға айналып, сүрінгенде бірге аяққа тұрады, жеңіс тұғырына бірге көтеріледі. Осындай кең ауқымды сыйдырып тұрған спорт жарқын эмоция сыйлайтыны үшін - сүйікті іс, терең қызығушылық. Жеке, командалық, экстремалды спорттың қай түрінде болсын жеңіс жүйелі еңбекпен келеді. Спортшы, бапкер, ғылыми штаб, спорттық медицина дәрігерлері мен мемлекет, қолдаушы біріккенде, жүлде қолға ілігеді. Осы миссияны орындау шеңберінде өңірлерде спорттық нысандар салынып, балаларды секциялармен қамту үшін бірыңғай ваучер енгізілген, деп жазады Egemen.kz.
Наурызнама • 20 Наурыз, 2025
20 наурыз елімізде Наурызнама онкүндігіне сай Ұлттық спорт күні тойланады. Ұлттық спорт - тек білек пен күштің сыналатын алаңы емес, баба тынысынан хабар беріп, елдік рухты көтеретін ұлт ұстыны, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 20 Наурыз, 2024
Ту ілген бүркітті Президенттің алдында ұшыруды армандаймын – құсбегі
Он күн тойланатын биылғы Наурыз мерекесі аясында бекітілген Ұлттық спорт күніне орай осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда тұңғыш рет көк байрағымызды ілген бүркітті самғатып, рекорд орнатқан құсбегі Ғабит Таңатовпен сұхбаттасқан едік.
Спорт • 21 Тамыз, 2023
Спорт күніне орай еліміздің спортшылары мен сала ардагерлері марапатталды
Спорт күніне орай, Qazaqstan ОКЗ-да еліміздің спортшыларын, сала ардагерлері мен қызметкерлерін Құрмет грамоталарымен және ведомстволық наградаларымен марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Тамыз, 2021
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Тамыз, 2020
Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Спорт күні мерекесімен құттықтады
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Спорт күні мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.