Серік Егізбаев
Сұхбат • 08 Желтоқсан, 2025
Серік Егізбаев: Ауылдарды дамыту бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерілді
Президенттің «Ауыл – ұлтымыздың өзегі» деген тұжырымынан кейін бұл сала ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық өсудің стратегиялық бағытына айналды. Соңғы жылдары ауылдарда жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынды, инфрақұрылым жақсарып, әкімдер корпусы түбегейлі жаңарды. Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы, Аграрлық мәселелер комитетінің басшысы Серік Егізбаев Egemen.kz тілшісіне берген сұхбатында ауыл әкімдерінің өкілеттіктері, дербес бюджеттер, цифрландыру, тікелей сайлау және ауылдағы нақты өзгерістер туралы кең көлемде әңгімеледі.
Аймақтар • 14 Шілде, 2025
Серік Егізбаев егіншілермен кездесті
Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл шаруашылығы саласындағы қазіргі жағдаймен және егін науқанының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қазан, 2024
Мәжілісте дақылдарды әртараптандыру мәселесі талқыланды
Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен Қостанай облысында комитеттің көшпелі отырысы өтті. Депутаттар мемлекеттік органдардың өкілдерімен және астықты өңірдің шаруаларымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру, биылғы өнімді сақтау және өткізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2021
Серік Егізбаев Апостолдық Нунциймен кездесті
2021 жылғы 21 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев Қазақстандағы және Тәжікстандағы Апостолдық Нунций Фрэнсис Ассизи Чулликаттпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Мамыр, 2021
Серік Егізбаев Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.