Сержант
Спорт • 12 Қаңтар, 2026
Сержант-спортшы Азия додасында топ жарды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі сержант Еламан Қуатов әуесқой аралас жекпе-жектен Азия чемпионы атанды. Ол 120 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысты. Құрлық додасы Қытайдың Луджоу қаласында өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2025
Сержанттардың Бүкілармиялық XV байқауы өз мәресіне жетті
ҚР Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің «Амандық» оқу орталығының базасында сержанттардың Бүкілармиялық XV сайысы аяқталды. Додаға түрлі әскери бөлімдер мен өңірлік қолбасшылықтардан іріктеуден өткен тоқсанға жуық сержант қатысып, кәсіби және спорттық шеберліктерін сынға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 01 Шілде, 2025
1 шілдеде Қазақстан Қарулы күштерінде Сержант күні атап өтіледі. Осыдан дәл 29 жыл бұрын елімізде сержанттарды кәсіби түрде даярлайтын алғашқы оқу орны – Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы құрылған. Қазіргі таңда бұл оқу орны кіші командирлерді дайындайтын заманауи әскери колледж ретінде жұмыс істеп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Мамыр, 2025
Қазақстандық әскерилер «Best Warrior» байқауында топ жарды
Еліміздің Қарулы Күштеріндегі бір топ сержант АҚШ-тағы халықаралық додада алға шықты. Аризона штатындағы Навахо әскери базасында өткен Best Warrior-2025 байқауында ел намысын қорғаған сержанттар – Дархан Аслан мен Рауан Тоқтарбеков мықтылар сапынан көрініп, Қазақстан Қарулы Күштерінің абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Қыркүйек, 2024
Алматыдағы әскери институттан сержанттың денесі табылды
Әлеуметтік желіде Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтынан сержанттың денесі табылғаны туралы ақпарат тарап жүр. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2023
Медеу шатқалындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқан сержанттың анасына орден табысталды
2023 жылғы 20 мамырда ҚР ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қаза тапқан сержанттың анасы Бақытгүл Құрманбековаға III дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Қараша, 2022
Алматыда сержант өзінің өліміне кінәлілерді жазалауды сұрады
Алматыда екінші санаттағы сержант өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл іске баруға себеп болған үш кісінің есімін қағаз бетіне жазып қалдырған, деп хабарлайды Egemen.kz Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Маусым, 2022
Ұлттық ұлан сержанты мен мектеп мұғалімі бір адамды өрттен құтқарды
Өскемендегі Высоковольтная көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шығып, жалын лезде үйдің ішін шарпып үлгерген. Өртті көрші жерде тұратын сержант Ризабек Қанапиянов байқап қалып, бірден құтқаруға кіріскен, деп хабарлайды Egemen.kz «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 06 Маусым, 2020
Қазақстанның сержанттар корпусы үшін 34,2 мыңнан астам мамандар даярланды
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қарулы Күштер сержанттық корпусының жалпы рейтингісі бойынша Құрлық әскерлерінің сержанттары алда келеді. Әрі қарай Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің сержанттары. Әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар арасындағы үздік үштікке «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының, сондай-ақ десанттық-шабуылшы әскерлерінің сержанттары кіреді.