Сауд Арабиясы өкілі
Сенат • 14 Сәуір, 2025
Сенат спикері Сауд Арабиясының өкілдерімен кездесті
Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің шақыруымен аталған елге келді. Сапар барысында Эр-Риядта Корольдіктің Консультативтік кеңесінің Төрағасы Абдалла бен Мұхаммед бен Ибрахим Әл-Аш-Шейхпен және Ислам істері, уағыз және насихат министрі Абдулатиф бен Абделазиз бен Абдрахман Әл-Аш-Шейхпен кездесулер өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.