Сауданың цифрлық айнасы
Экономика • 05 Тамыз, 2025
Тауар қозғалысын бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы толық цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында елімізде «Сауданың цифрлық айнасы» атты жаңа ауқымды жоба жүзеге асырыла бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев хабарлады, деп жазады Egemen.kz.