Ресей өнерпаздары
Өнер • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Астанада Қазақстандағы Ресей Федерациясының мәдениет күндерінің ашылу салтанатында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық корпусы мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.