Репродуктивтік денсаулық апталығы
Медицина • 22 Мамыр, 2025
Министрлік репродуктивтік денсаулық апталығын қорытындылады
Елімізде 12-16 мамыр аралығында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Репродуктивтік денсаулық апталығы өтті. Іс-шараның мақсаты — халықтың репродуктивтік денсаулық туралы сауатын арттырып, жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулардың, адам папиллома вирусының профилактикасын түсіндіру болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 12 Мамыр, 2025
Отбасын жоспарлаудың артықшылығы неде
Елімізде 12–16 мамыр аралығында өтетін Репродуктивтік денсаулық апталығы – дені сау ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қоғамдық бастама. Бұл күндері барлық өңірінде халықтың жыныстық және репродуктивтік сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-ағартушылық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жастар мен болашақ ата-аналарға арналған кездесулер, дәрістер мен кеңестер арқылы еліміз ертеңі саналатын жас ұрпақтың денсаулығын қорғауға бір қадам жақындай түседі, деп жазады Egemen.kz.