Редакторлар клубы
Әскер • 18 Желтоқсан, 2025
Бас редакторлар клубы мен Қорғаныс министрлігі ынтымақтастық меморандумын жасады
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі мен Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Құжат медиа қауымдастық пен мемлекеттік сектор арасындағы орнықты серіктестікті қалыптастыруға, сондай-ақ әскери тақырыпты кәсіби әрі жауапты түрде жариялауды дамытуға бағытталған. Меморандумға Бас редакторлар клубының президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай және Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, вице-адмирал Серік Бурамбаев қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Мамыр, 2025
Конституциялық Сот пен «Бас редакторлар клубы» меморандумға қол қойды
Конституциялық Сот Аппараты мен «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі арасында өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Құжат конституциялық бақылау органы мен медиа қоғамдастық арасындағы өзара әрекеттестікті арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2025
Бас редакторлар клубы мүшелері «ÓzgeEpic» креатив хабының жұмысымен танысты
«Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері хабты аралап, оның мүмкіндіктері мен ұсынатын қызметтері жайлы мол мағлұмат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Маусым, 2024
Бас редакторлар клубының басқарма мүшелері сайланды
Бүгін Астанада «Бас редакторлар клубы» республикалық қоғамдық бірлестігінің есеп беру конференциясы өтті. Басқосуда белгілі медиаменеджер, Парламент Сенатының депутаты, «Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті Бибігүл Жексенбай ұйымның атқарған іс-шаралары мен алдағы жоспарын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.