Отбасын жоспарлау
Медицина • 12 Мамыр, 2025
Отбасын жоспарлаудың артықшылығы неде
Елімізде 12–16 мамыр аралығында өтетін Репродуктивтік денсаулық апталығы – дені сау ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қоғамдық бастама. Бұл күндері барлық өңірінде халықтың жыныстық және репродуктивтік сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды ақпараттық-ағартушылық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жастар мен болашақ ата-аналарға арналған кездесулер, дәрістер мен кеңестер арқылы еліміз ертеңі саналатын жас ұрпақтың денсаулығын қорғауға бір қадам жақындай түседі, деп жазады Egemen.kz.