Нұргүл Тау
Медицина • 25 Қыркүйек, 2025
Елімізге ем іздеп келетін шетелдіктер көбейген
Ел экономикасының әлеуетін әлдендіру үшін туризмнің тетігі көп. Соның бірі – медициналық туризм. Қазақстан ем алу үшін елімізді таңдайтындар есебінен Орталық Азиядағы негізгі денсаулық сақтау пункті болуға қауқарлы. Себебі еліміздегі 9 медициналық ұйым саланың «Оскарына» баланған халықаралық Joint Commission International аккредиттеуін алған. Жоғары талап үддесінен табылатын медициналық мекеменің жетеуі Астанада, екеуі Алматы қаласында орналасқан. 24 қыркүйек күні Мәжілістің жалпы отырысында Respublica партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау отандық медицинаның осы бір артықшылықтарын алға тарта отырып, Медициналық туризм саласындағы Бірыңғай операторды құру ұсынысын ортаға салды. Депутаттың айтуынша, жоғарыда аталған Joint Commission International аккредитіне Қырғызстан қол жеткізбеген болса, Өзбекстанның 2 медициналық орталығы иемденген. Бұл көрсеткіш Қазақстанның салада көш бастауына зор мүмкіндік көзі болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 24 Қаңтар, 2024
Қазақстанда 24 мың студент үйсіз жүр – депутат
«Жатақханаларда бос орындардың болмауы себебінен студенттер жалдамалы пәтерлерді немесе техникалық қауіпсіздігі осал, арзан хостелдерді паналауға мәжбүр». Пленарлық отырыс барысында мәжілісмен Нұргүл Таудың Үкіметке жолдаған депутаттық сауалы осылай басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Мамыр, 2023
Депутат электронды темекілер мен вейптерді сатуға тыйым салуды сұрады
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, қазір электронды темекіге тәуелділердің қарасы прогресивті жылдамдықпен артып жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.