Нұпрбанк
Банк • 28 Қараша, 2025
Нұрбанк 4,5 млрд көлеміндегі мемлекетік көмекті мерзімінен бұрын қайтарады
Нұрбанк мемлекеттік қолдаудың бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеу туралы шешім қабылдады. Жоспар бойынша 27 қарашада қаржы институты 4,5 млн облигацияны номиналдық құны 1000 теңгеден кері сатып алуды бастайды. Бұдан кейін банк балансындағы мемлекеттік қолдау сомасы 46,8 млрд теңгеден 42,3 млрд теңгеге дейін азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.