Назерке Сайлау
Білім • Бүгін, 12:08
Мектеп мұғалімі олимпиадаға дайындалудың құпиясымен бөлісті
Пәндер олимпиадасы – білімді ғана емес, ой тереңін, табандылық пен талапты қажет ететін интеллектуалдар алаңы. Еліміздің әр өңіріндегі дарынды оқушылар үшін республикалық додада жеңіске жету оңай емес, жүйелі дайындық керек. Осы ретте Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің әдістеме жетекшісі, пәндер олимпиада командасының жаттықтырушысы Назерке Сайлаумен білім додасының қыр-сыры туралы сұхбаттастық.