Надежда Парецкая
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Италияның қос қаласында өткен Милан-Кортина-2026 Олимпиадасы мәресіне жеткенмен, төртжылдық тартысына қатысты талқы мен пікір қайшылығы толастамай тұр. Сондай таластың бірі Олимпиада бағдарламасында мәнерлеп сырғанау бойынша қазылық еткен Надежда Парецкаяның шешімдері айналасында туды. Кейінгі күндері әлеуметтік желі қолданушылары «Қазақстан мәнерлеп сырғанау одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалын басқаратын маманды дүбірлі додада ресейлік спортшыға бүйрегі бұрып тұрды деп айыптап жатыр. Желіде желдей ескен жазба авторларының пікірінше, Надежда Парецкая төрт айналымды секіруде сүрінген Ресей өкілі Аделя Петросянға негізсіз жоғары балл қойып, отандастарымыз Софья Сомаделкина мен Михаил Шайдоровтың өнерін лайықты бағаламаған, деп жазады Egemen.kz.