Мұқағали Мақатаев – 95
Әдебиет • 15 Қаңтар, 2026
Мұқағали Мақатаевтың бұдан жарты ғасыр бұрын жазған «Райымбек, Райымбек!» дастанының толастар тұсы есіңізде ме? Бұл жыр шабысы бөлек, шабыты сұрапыл ақынның бүкіл шығармашылығының соңғы мақсұт мәресі сынды. Егерде Құдірет үкімі ақынға «соңғы сөзіңді айт!» десе, маған Мұқағали осы дастанның соңғы шумақтарын ұсынатындай көрінеді.