Мектебі
Мектеп • 22 Желтоқсан, 2025
Оралда «Келешек мектебі» ашылды
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Келешек мектептері • 08 Желтоқсан, 2025
Түркістандағы Келешек мектебінде арнайы шахмат сыныбы ашылды
Түркістан қаласындағы №32 жалпы орта мектебінде оқушылардың ойлау қабілеті мен логикалық дағдыларын дамыту бағытында жаңа бастама қолға алынды. Мектепте арнайы жабдықталған шахмат кабинеті ашылып, әр қабаттың фойесіне шахмат тақталары орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Қараша, 2025
Кәсіпкерлер Абай ауылындағы мектептің едені мен терезесін жаңартып берді
Қарқаралы ауданының Абай ауылында туып-өскен кәсіпкерлер «Туған жерге тағзым» жобасы аясында туған өлкесін қолдауды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Natige компаниясының басшысы Ерлан Әшім мен Toi Grand мейрамханасының иесі Ербол Қайса ауылына жыл сайын көмек береді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қараша, 2025
Абай ұлттық мектебі жаңа ғимаратқа көшіріледі
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі Алматыдағы Абай атындағы республикалық мектеп-интернатын трансформациялауды жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Мектеп • 29 Қазан, 2025
Көкшетауда «Келешек мектебінде» биыл 1100-ден астам оқушы білім алып отыр
Көкшетау қаласында «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы арқылы кадрлық резервтен іріктелген жаңа буын басшыларының бірі – Манаргүл Тохан басқаратын №20 мектеп-гимназиясы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған заманауи инфрақұрылымымен және білім сапасын арттыратын инновациялық тәсілдерімен ерекшеленеді, деп жазады Egemen.kz.
Келешек мектептері • 23 Қазан, 2025
Маңғыстау облысында он бірінші «Келешек мектебі» ашылды
Республика күні мерекесі қарсаңында Мұнайлы ауданының Айрақты елді мекенінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №21 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл – Маңғыстау облысында аталған бағдарлама бойынша пайдалануға берілген он бірінші мектеп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Құлсарыда салынып жатқан «Келешек мектебінің» шатыры құлады
Атырау облысындағы Құлсарыда «Келешек мектебі» салынып жатыр. Осы білім ордасының шатыры құлап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2025
Балқашта 900 орындық «Келешек мектебі» ашылды
Қарағанды облысы, Балқаш қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа заманауи білім ордасы есігін айқара ашты. Бүгіннен бастап «№12 жалпы білім беретін мектеп» КММ атауын иеленген бұл оқу орны жаңа оқу жылында алғашқы оқушыларын сән-салтанатпен қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 26 Тамыз, 2025
«Балақайлар мектебінде» 90 мыңға жуық бала дайындықтан өтті
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балаларға бірдей бастапқы мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылған «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді бағдарламасы – үлгілік оқу бағдарламасының бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Тамыз, 2025
Ақмола облысы жаңа оқу жылын апатты және үш ауысымды мектептерсіз бастайды
Ақмола облысында 2025 жылы жаңа мектептердің пайдалануға берілуі нәтижесінде үш ауысымды оқыту мәселесі түбегейлі жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Университет • 14 Тамыз, 2025
Қарабақта жазғы түркология мектебі ашылды
Әзербайжан Республикасының Ханкенді қаласындағы Қарабақ университетінде Түркі Академиясының бастамасымен, Қарабақ университеті, Түркия ғылым академиясы (TÜBA) және Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырылған Түркі мемлекеттерінің VII жазғы түркология мектебі жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 11 Тамыз, 2025
Білім беру саласының драйверлері
Келесі аптада ауыл мектептерімен табысты жұмыс істеп жүрген барлық отандық білім беру операторлары алғаш рет бір кәсіби алаңда бас қосады. Республикалық тамыз кеңесінің тақырыптық сессиясында ауылдағы білім жүйесінің стратегиялық басымдықтары мен жұмыс алгоритмдері талданбақ. Қарағанды облысындағы Осакаровка ауылында екі жүзден астам мектеп директоры офлайн, ал төрт мыңнан астам мұғалім жылдың басты педкеңесіне онлайн түрде қатысады.
Білім • 24 Шілде, 2025
90 мыңға жуық бала мектепалды даярлықтан өтеді
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балалардың білім деңгейін теңестіру мақсатында елімізде қысқа мерзімді «Балақайлар мектебі» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба Қазақстанда қатарынан екінші жыл қолға алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мектеп • 08 Шілде, 2025
Ауыл мектептерінің әлеуеті артып келеді
Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуды көздеген «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы 2023 жылы басталғаны мәлім. Елімізде мектептердің 70 пайызға жуығы ауылдарда орналасқан және көбі шағын жинақты мектептер, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Мамыр, 2025
Жыл соңына дейін 112 жайлы мектеп пайдалануға беріледі
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2025
Темірлан ауылында өнер мектебі салынады
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған мектептің құрылысы – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған әлеуметтік жобалардың бірі, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 21 Сәуір, 2025
Әкімдерді тікелей сайлау институтын дамыту мәселесі талқыланды
18 сәуір күні Еуразиялық интеграция институтында «IV Ұлттық Құрылтайда айтылған басымдықтар негізінде әкімдерді тікелей сайлау институтын дамыту» тақырыбында «Ашық саясат» сарапшылар клубының отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 15 Сәуір, 2025
Алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жетті
Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің екі командасы NASA және АҚШ Ұлттық ғарыш қоғамы (National Space Society) ұйымдастырған Space Settlement Contest 2025 халықаралық байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
Спорт мектебінің басшылары бюджет қаражатын құмар ойынға жұмсаған
Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, өңірдегі екі спорт мектебінің басшысы ғимаратты жалға беру ақысын өз қалталарына басқан, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Ақпан, 2025
Үздіксіз білім дамудың кепілі - әкімдердің біліктілігін арттыру басталды
«Әкімдер мектебі» Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында, оның облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары арқылы іске асырылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Гендерлік теңдік мәселесі талқыланды
Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Талдау мектебі» жобасының IV легінің қатысушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жоба • 30 Қаңтар, 2025
«Әжелер мектебі»: Саран қаласында ерекше жоба іске қосылды
Саран қаласының білім беру бөлімінің жобасы «Әжелер мектебі» – аталған қаланың әрбір мектебінде жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 28 Қаңтар, 2025
Тоқаев «Әкімдер мектебі» оқыту жобасын іске қосуды тапсырды
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді дайындықтан өткізу мәселесінің өте өзекті болып тұрғанын айтты, деп жазады Egemen.kz
Мектеп • 26 Желтоқсан, 2024
Биыл ауыл мектептерінің бірі заманауи физика зертханасымен жабдықталды
Қараша айында Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Ботақара ауылында 620 бала оқитын Ю.Гагарин атындағы мектеп заманауи физика зертханасымен жабдықталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2024
«Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотосуреттер байқауы басталды
«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында «Дені сау және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты ауқымды фотобайқау басталды. Бұл оқушылар мен олардың отбасылары үшін денсаулықтарына қалай күтім жасайтынындары туралы бөлісуге тамаша мүмкіндік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы №1 Хромтау орта мектебін аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің білім беру ісіндегі ерекшеліктерімен және оқушылардың зертханалық жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Қараша, 2024
«Талдау мектебінің» төртінші кезеңіне өтінімдер қабылдау басталды
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев «Талдау мектебінің» төртінші кезеңі басталғаны туралы Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Көрме • 07 Қараша, 2024
Елімізде алғаш рет «Ауыл мектебі» фотокөрмесі өтеді
Бүгін «ÓzgeEpic» креатив хабында ауылдағы білім ошақтарының тыныс-тіршілігіне арналған «Ауыл мектебі» фотокөрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Көрме шалғай ауылда орналасқан бір мектептің өмірі мен өзгерістерін сипаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Қостанайда спорт мектебінің жаттықтырушысы бюджет қаражатын ұрлаған
Қостанай облысында спорт мектебінің жаттықтырушысы өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жалған аванстық есептер құрастырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024
Абай мектебінің оқушылары ұялы телефоннан бас тартты
Аталған білім ошағы – Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы, деп жазады Egemen.kz.