Марабай Құлжабайұлы
Руханият • 14 Мамыр, 2025
«Ер Тарғын» жырын хатқа түсірген жырау кім
Қазақтың «Қобыландысы» мен «Ер Тарғыны» туралы бәріміз білеміз. Бірақ бұл жырлардың ең көркем нұсқасы кімнің аузынан хатқа түскенін көбі біле бермейді. Бір ғасырға жуық уақыт бұрын дала төсінде жырды жанымен тербеткен Марабай Құлжабайұлының есімі бүгінде көп айтылмайды. Ал шын мәнінде, дәл осы жыраудың көмейінен шыққан сөздер арқылы қазақ эпосы алғаш рет қағаз бетіне түскен. Сол жырлар бүгінгі әдебиеттегі ең көркем, ең шынайы нұсқалар болып саналады, деп жазады Egemen.kz.