Манитоба
Әлем • 30 Мамыр, 2025
Манитобада орман өртіне байланысты төтенше жағдай енгізілді
Канадада аптап ыстық пен құрғақшылық салдарынан болған жойқын орман өрттері салдарынан Манитоба провинциясында төтенше жағдай режимі енгізілген. BILD агенттігінің хабарлауынша, стихиялық апаттың ауқымы өте кең. Қазіргі таңда 17 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Ал жалын шарпыған орман көлемі 200 мың гектардан асқан, бұл соңғы бес жылдағы орташа көрсеткіштен үш есе көп, деп хабарлайды Egemen.kz.