Мал саны
Жануарлар • 29 Қаңтар, 2026
Жетісу облысында мал шаруашылығы саласы өткен жылдың қорытындысы бойынша тұрақты өсім көрсетіп отыр. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, саланың жалпы өнім көлемі 3,9%-ға артып, 198,3 млрд теңгеге жеткен. Әсіресе ет өндірісі 4,6%-ға, сүт өндірісі 4,4%-ға ұлғайып, өңірдегі аграрлық сектордың әлеуеті айқын көрінді. Бүгінде облыстағы мал басы 2,3 млн басқа жуықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.