Лев Толстой
Руханият • 15 Мамыр, 2025
Лев Толстой: Адамдар ақиқатта ғана біріге алады
Санаға салмақ түсірер сауалдарға жауап таппай дағдарған кезде «бұған ақыл-ой алыптары не дер еді?» деп ойланған кезіңіз болған шығар, қадірлі оқырман. Олар, әрине, ғайыптан тайып түсіңізге енбесе, өңіңізде ұшыраспайды. Бірақ бұған журналистикадағы еркін жанрлардың бірі – ретроспективалық сұхбат мүмкіндік береді. Ол – өмірден өткен адаммен жазып қалдырған еңбегі негізінде әңгімелесу. Біз жазушы, хакім Лев Толстоймен сұхбаттасып көрдік.