Көкмайса
Шаруашылық • 21 Маусым, 2025
Ұлытау төрінде «Көкмайса-2025» фестивалі өтті
Бүгін ұлттың киелі мекені – Ұлытау жерінде дәстүрлі «Көкмайса-2025» ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер фестивалі салтанатты түрде ашылды. Бастауын 2018 жылы алған фестиваль халқымыздың бай мұрасын жаңғыртып, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді қайта тірілтуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.