Кеңгір ауылы
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2025
Кеңгір ауылы газға қосылып, таза ауыз сумен қамтылды
Ұлытау облысының Кеңгір ауылында көгілдір отынды ресми іске қосу рәсімі өтті. Аталған маңызды инфрақұрылымдық жоба нәтижесінде елді мекендегі 442 тұрғын үй мен жеті әлеуметтік нысан табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды. Ұзындығы 25 шақырымды құрайтын газ тарату желілерінің құрылысы биылғы сәуір айында басталып, қысқа мерзімде толық аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.