Картель
Экономика • 22 Мамыр, 2025
Картель шын мәнінде кімге қауіп төндіріп отыр
Жақында ғана тұрақтала бастаған әлемдік мұнай нарығы тағы да назарға ілікті. ОПЕК+ ұйымының мамыр-маусым айларында мұнай өндіру көлемін тәулігіне 411 мың баррельге арттыру туралы шешімі – жай ғана техникалық түзету емес. Бұл – энергетикалық үстемдік үшін жүріп жатқан геосаяси ойын, онда жекелеген елдерді «тәртіпке шақырудың» астарында ұйымның жаһандық ықпалын нақты көрсетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.