КНДРА
Банк • 23 Қаңтар, 2026
Қарызын төлемеген банктерге байланысты не өзгерді?
Енді банктерге мемлекет алдындағы қарызын өтеп, тыныш өмір сүруден өзге жол қалмай тұр. Бұрын банктерге мемлекет қолдау көрсеткенде түрлі тетіктер қолданылатын. Ұлттық банк жеңілдікпен субардинацияланған облигациялар банктер арасындағы бәсекеге кері әсер етті. Бұл банктің шығынын мемлекеттің мойнына артып, акционерлерін тасада қалдыратын. Енді бәрі өзгерді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) мемлекеттен қаржылай қолдау алған банктердің акционерлеріне дивиденд төлеу, акцияларды кері сатып алу және ірі акционерлердің үлесін қысқарту тәртібін қатаңдатты, деп жазады Egemen.kz.