Ипотека DAY
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2024
Бір күнде берілген бірегей мүмкіндік: «Ипотека DAY» Астанада қалай өтті
«Отбасы банк» Астанада бірегей іс-шара өткізді. Банк, нақтырақ айтқанда, Астанадағы іргелі Конгресс-холға елдегі ірі 17 құрылыс компаниясының сату бөлімін шақырып, екінші жағына банктің мамандарын отырғызып, халыққа кеңес беретін бірегей мүмкіндік жасаған. Яғни, азаматтар бұрынғыдай баспана алу үшін банктің табалдырығын күнде тоздырып, құрылыс компанияларының сату бөлімін іздеп жүрмейді. «Ипотека DAY» іс-шарасының басты ерекшелігі де осы – салымшыларға өте ыңғайлылығында.