Инклюзивті саясат
Оқиға • 11 Қыркүйек, 2025
Сенаторлар инклюзивті саясат мәселесін талқылады
Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Айнұр Арғынбекова Астанада халықаралық конференция қатысушыларымен кездесу өткізді. Шара «Орталық Азиядағы мүгедектігі бар әйелдердің мүдделерін ескере отырып, орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу» тақырыбында өтті. Форумға Қазақстан, Финляндия, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа елдердің делегаттары қатысып, әлеуметтік саясат пен мүгедектігі бар әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.