Замир Сағынов
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:07
«Елорда тазалығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік»
Астананың ажары мен тұрғындар өмірінің сапасы қала тазалығымен тікелей байланысты. Қарқынды дамып келе жатқан мегаполисте санитарлық жағдайды сақтау – жүйелі әрі үздіксіз еңбекті талап етеді. Осы маңызды саладағы жұмыстың барысы, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы «Астана Тазалық» ЖШС-ның бас директоры Замир Сағыновпен әңгімелестік.