Желтоқсан көтерілі
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Семейде Қайрат Рысқұлбеков пен оны айыптаған прокурордың көшесі қиылысады
Міне, Семейде ақ боран. Мен 4-Лодочнаядан кейінгі Достоевский көшесін көктей өтіп, Гагарин көшесінен түстім. Дала боран. Ұйтқыған жел қойын-қонышыңды орайды. Семейдегі Қайрат Рысқұлбеков көшесі кілт бұрылыс болып басталады. Иә, Қайрат десе, желтоқсан, желтоқсан десе, ойымызға Қайрат Рысқұлбеков оралады. Өйткені ол 86 жылғы азаттықтың алауын мұзға жаққан мыңдаған боздақтардың бір ғана символы десе де болар. Оған қандай жала жабылып, жаза құшса, қалғандары да сондай әділетсіздіктің ақ лағы болып кете барды. Бір айналдырса, шыр айналдыратын көмескі күш оның тағдыр жолында тағы да түйісіп, көрмей кеткен көшесі қиылысады деп кім ойлаған. Бұл кездейсоқ болатын сәйкестік пе, әлде зауал ма?
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Осыдан 39 жыл бұрын... Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздіктің бастауы
Осыдан 39 жыл бұрын қазақ жастары Алматының орталық алаңына қарай беттеп бара жатты. Тұс-тұстан ағылған адамдар тобы көше қиылыстарында біріне бірі қосылып, қарақұрым халық ә дегенде-ақ жиналған еді. Олар қазақ елін қазақ басшы ғана басқаруы тиіс деп ұрандатып, Колбиннің билікке келуіне айырықша қарсылық танытты. Ал шын мәнінде бұл азаттық аңсаған, бұғаудан босап шыққысы келген халықтың жанайқайы, тұяқ серпіген тағдырлы зары еді.
Аймақтар • 11 Қазан, 2021
Желтоқсан көтерілісіне қатысқан 516 адам ақталды
Алматы қаласында Желтоқсан көтерілісіне қатысып, ақталғандардың саны 516 адамға жетті. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауабында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.