Жақып Хайрушев
Энергетика • 08 Тамыз, 2025
Жақып Хайрушев: Қазақстан экономикалық дамудың жаңа кезеңінде
Біздің ел Аваза іс-қимыл бағдарламасын тұрақты, инклюзивті және орнықты келешекке жеткізер жол картасы ретінде толық қолдайды. Бұл туралы Президент теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның 3-ші конференциясында айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл маңызды бастама транзиттік елдердің, даму жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының саяси қолдауына ие болуы тиіс, деді. Мемлекет басшысы көлік, энергетика мен цифрлық инфрақұрылым сияқты негізгі секторларға инвестиция ынталандыруға инновациялық қаржы тетіктері қажет екенін айтты. Энергетика министрлігі Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Жақып Хайрушевтің пікірінше, Қазақстан орта экономикасы бар ел ретінде көбірек қабылдануда әрі бұл мәртебе оның энергетикалық әлеуеті тұрғысынан ерекше өзекті. Толымды тақырыпты арнайы сұхбатта талқылап көрелік.