Жас химиктер
Білім • 13 Мамыр, 2025
Қазақстандық оқушылар Менделеев олимпиадасында 11 медаль жеңіп алды
Бразилияның Белу-Оризонти қаласында өткен 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар топ жарды. 40 елден жиналған үздік жас химиктер арасында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, барлығы 11 медаль иеленді. Осылайша оқушылар АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропаның мықты құрамаларын басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz.